Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Иммундық қабынуға дейінгі цитокиндерді атаңыз?

Поиск

5. альтернативтік жол;

6. лектинді жол.

7.

31.Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен белсенуі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары атаңыз

Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі арнайы болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек. Комплементтің классикалық жолмен активтенуі иммундық кешендердің түзілуінен басталады. Бірақ, мұндағы маңызды жағдайдың бірі – иммундық кешендердің құрамында иммуноглобулиндердің белгілі бір кластары мен подкластарына кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамда оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады.

Біріншіден, комплемент жүйесі классикалық жолмен активтену механизмі басталу үшін антиген антиденемен байланысып иммундық кешен түзілу керек.

Екіншіден, С1q эффективті байланысу үшін СН2 доменде бір орталықтың болуы жеткіліксіз. Кем дегенде осындай екі орталық және олар бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықты болуы тиіс. Бұл ара қашықтық 1000А (10А=10-8см) артық болмауы керек және ол қашықтықты «критикалық» деп атайды.

Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі антиденелердің қатысуынсыз жүреді, яғни арнайы емес жол. Ол ағзаның арнайы емес иммунитетінің ең маңызды компонентінің бірі. Альтернативті жолмен

активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді.

С3 компоненті активтену үшін құрылысы бойынша Т-тәуелсіз антигендерге жақын антигендер қатысуы керек. Көбіне альтернативті жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден,

Бактериалды полисахаридтер мен липополисахаридтер, сондай-ақ бактериалды эндотоксиндер мен құрылымы бойынша полианионды басқа да жоғары молекулалы заттар шақырады. Өте аз жағдайда альтернативті жолмен активтену

иммуноглобулиндердің полимерлі агрегаттарының (IgА и IgG) және

агрегацияланған иммундық кешендердің қатысуымен жүруі мүмкін.

Сонымен қатар, альтернативті жолмен активтену кейбір патологиялық

үрдістер кезінде, әртүрлі ферменттердің әсерінен С3 компонентінің

активтенуі және ыдырауы мүмкін. Әсіресе, зақымдалған тіндердің

протеазалары мен бактериалды протеазалар С3 компонентінің

активтенуін шақыруы ықтимал.

Сонымен, альтернативті жолмен активтену кезінде С3

· компонентінің антигенмен тікелей байланысуы басты орын алады. Комплемент жүйесінің

альтернативті жолмен активтеуінің классикалық жолдан айырмашылығы-активтену С3 компонентінен басталады, осыған байланысты С1, С4 және С2 компонентері үрдіске қатыспайды. Бірақ альтернативті жолмен активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді.

 

32.Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.Антигендсрді Т-лимфоциттер танитын түрге дейін өңдейтін және опарды таныстыратын (процессию және презентация) жасушаларды антиген таныстырушы жасушалар (А ТЖ) деп атайды.

Негізінен бұл жасушаларга моноцшпарлы-макрофагалды жүйе жасушалары (МФ), дендритті жасушалар (ДЖ), В-лимфоциттер және Лангерганс жасушалары жатады (13-ші сурет). Кейбір жағдайларда антигендерді таныстыру қызметін ма-манданған апителиалды жасушалар да атқарады.

Макрофагтар экзаантигендерді, ең алдымен бактерияларды фагоцитозга ұшыратады. Оларды лизосомалды ферменттердіц көмегімен ұзындыгы 9-25 аминқышқылынан тұратын пептидті фрагменттерге дейін ыдыратады. Бұл құрамындагы ферменттер көмегімен макрофаггардын ыдырата алмаған бөлігі. Осы ыдырамаған фрагменттер организм үшін шынайы бөтен антигенді детерминанта (эпитоп) болыи табылады.

Макрофагтар Т-лимфоциттермен әрекеттесе алатын кәсіби антигентаныстырушы жасушаға жатады. Антигендерді таныстыру бірнеше кезеңнен тұрады.

антигенді регионарлы лимфоидты түзіліске жеткізу, оны иммуногендік түрге дейін өңдеу жане жасушальқ пен гуморалдық иммундың жауапты іске қосу

33.Жасушалық иммунитет жүйесіне сипаттама беріңіз және қызметтерін атаңыз. Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т- лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйесінің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т- тәуелді аймақтар), Т-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, супрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді. Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісіне белсене қатысады, осы үрдістің арқасында клеткаларынан түзілген Т- клеткалар әлі жетілмеген. Олар айырша безде одан әрі дамиды, гистосәйкестігін айыратын иммунды қабілеті Т- лимфоциттер клеткаларына ( хелперлер – СД-4, супрессорлар – СД8, киллерлер) айналады. Бұл клеткалардың барлығы антиген айыра білетін рецепторлар алады ( спецификалық рецептор). Айырша безде барлық лимфоциттердің 70 % ғана дамудан өтеді, антигенді айыра білетін клеткалар – 5- 7%. Айырша безден шыққан клеткалар лимфа бездерінің милы аймағында орналасады.

Сүйек миы – қан элементтерін шығаратын иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады. Сүйек миы қызыл, сары болып бөлінеді, өйткені эритроциттер мен лимфоциттерден тұрады. Лимфоидты клеткалар саны 0-20%, плазмацитер – 0,4%.

   Көк бауырды кейінгі кезде имунды жүйенің орталық мүшесіне жатқызып жүр (Кетлинский 1998 ж). Көкбауырда эритроциттерден басқа Т-В- лимфоциттер, плазмалық клеткалар, және ретикулярлы фагоциттер бар. Лимфоидты клеткалар жетілетін өзгерістерге түсіп, кіші, орта және үлкен лимфоциттер, лимфобласттар, плазмабласттар пайда болады.

34. Т-лимфоциттерге сипаттама беріңіз және қызметтерін атаңыз. Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады.АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады.

35.Т-лимфоциттердің субпопуляциялары, олардың қызметтері.

 

Т-хелпер субпопуляциясының негiзгi маркерiне CD4 дифференцациялаушы антигенi жатады. Тимустан шыққан аңқау CD4+ Т-лимфоциттер нөлдік хелперлер – Тх0 жасушалар субпопуляциясын

құрайды. Бұл жасушаларды бұрынғы әдебиеттерде антигенреактивтi жасушалар немесе Т-индукторлар деп атаған. Өңделген антигендермен бiрiншiлiк танысатын жасушалар - Тх0 жасушалары. Бұл жасушалардан әртүрлi жағдайларға байланысты жетiлген эффекторлы Тх1 және Тх2 түзiледi. Олар дифференцировканы шақырған антигенге қарсы иммундық жауаптың жүзеге асыруына тiкелей қатысатын жасушалар

36.Иммунологиялық төзімділікке анықтама беріңіз, қызметтерін және жіктелуін атаңыз. Иммунологиялық төзімділік арнайы антигенге иммунды жауапты тудыру қабілетін жоғалту.Төзімділіктің дамуы – мүшелерді қондырғанда өте қажет. Бірақта, қатты жұқпалы ауруларды қиын салдарға әкеледі.Табиғи және жасанды төзімділіктің механизмдері бірдей.тозімділікті қамтамасыз ету факторлары:-Иммунитеттін орталық мүшелерінде (тимуста) клондардың теріс сұрыпталу нәтижесінде -АТК клеткалардын қызметінің төмендеуі. Олар В7 белогын синтездемейді.- Аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар Т- және В-клеткаларды жоюлуы- Т- және В-лимфоциттердің корецепторларын блоктау,

- Аутореактивті клондардың жұмысын басатын супрессор клеткалар қызметінің төмендеуы.-Антиидиотипті антиденелердің қатысуы.Иммунологиялық төзімділік ерігіш антигендерге, эмбрионалды және неонаталды кезеңдерде, антигеннің оралды жолдармен, көп немесе өте төмен мөлшерінде енгізгенде, АГ-нің құрылысы қарапайым болса, әлсіз АГ-ге қарсы, жетілмеген Т-және В-лимфоциттермен әрекеттескенде женіл пайда болады. Антиген антитоксинмен байланысқанда арнайы Т-мен В-клеткаларды зақымдайжы. АГ мен АД комплекстер рецепторларды блоктап, ісікке қарсы клеткалық иммунитеттің реакциясын басуы мүмкін, гаптендерді иммуногендік емес тасымалдаушымен блоктауы төзімділікке әкеледі.

37.38Цитокиндердің анықтамасын, жіктелуі топтарын жазыңыз. кызметткер3 Цитокиндер – түрлі антиденелерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ароа-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммунды жүйенің белсендірілген жасушаларының нәруызды немесе полипептидтіөнімдері болып табылатын медиаторларЦитокиндерді бірнеше топқа бөледі:интелейкиндер (лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар (вирустарға қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар (цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы факторлар (гемопоэтикалық цитокиндер)және хемокиндер(толық зерттелмеген хемотаксисі белсендіретін медиаторлар Интерлейкиндер

1979 жылы Швейцарияда өткен лимфокиндер бойынша эксперттердің комитетінің Халықаралық симпозиумында сол уақытқа дейін белгілі болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер біріктіліп интерлейкиндердің (ИЛ)-лейкоцитарлық медиаторларының қағидасы негізделді.Сол кезде алғашқы зерттелген екі интерлейкинге-ИЛ-1жәнеИЛ-2деген кезекті сан берілді.Қазіргі таңда 30-дан астам интерлейкиндер зерттелген.Олардың біріншілік құрылымдары анықталып, барлығы рекомбинанттық түрде өндірілген.

Интерферон 1957 жылы инактивтелген грипп вирусымен өңделген тауық эмбрионының аллантоис сұйықтығында болатын белсенді субстанция ретінде сипатталған.Бұл субстанция түрлі вирустардың әсеріне тұрақтылықты өндіре алатыны кейінірек белгілі болды.Кейін интерферондардың синтезі вирустық емес агенттермен (ЛПС, полианиондар,митогендер)индукциялану көрсету мүмкіншілігі туындады.70-ші жылдары иммундық стимуляция кезінде пайда болатын интерферон, яғни «иммундық интерферон»түсінігі пайда болды.Алғашында интерферон тек қана вирустарға қарсы фактор ретінде қарастырылды.Қазір олардың құрамында ісікке қарсы және иммун реттегіш қызметі анықталды.Қазіргі кезде интерферондар цитокиндердің арнайы класына біріктіріліп енгізіліп отыр.

Хемокиндер дегеніміз, цитокиндердің иммунды жүйенің жасушаларының жылжу қабілеті мен белсендірілуін реттейтін арнайы түрі.Соңғы жылдары 40 шақты хемокин табылды, олар цитокиндердің ішінде («хемокин» термині – «хемотаксис» пен «цитокин» терминдерінен туындаған) бөлек подкласқа біріктіріліп, 4 тұқымдастыққа жіктелген:

  1. СХС (а-хемокиндері)
  2. СС (в-хемокиндері)
  3. С(ү-хемокиндері)
  4. СХ3С (дельа-хемокиндері)

Цистокиндердіңнегізгібиологиялықбелсенділігі- иммундыжауаптыбарлық даму сатыларындареттеу: функциональдібелсендіиммунокомпоненттіклеткалардыңпролиферациясы мен дифференцировкасы, антигендіөңдеужәнемакрофагтардыңбетіңдеиммуногендітүрдеұсыну, антиген сезімталлимфоциттердіңпролиферациясы, иммуноглобулиндерпродуценттерінедейінВ-клеткалардыңдифференцировкасы, біризотоптанбасқасынаиммуноглобулиндерсинтезінауыстыру, цитотоксикалық Т- клеткалардыңізашаларыныңэффекторларғадейінпісіпжетілуінқамтамасызету, макрофагтардыңцитотоксикалықәсеріниндукциялау. Кейбірцитокиндерқабынуреакциясынажәнеісікклеткаларыныңэлиминациясындаайқындалатүсетінжеделфазалыжауапқабелсендітүрдеқатысады.

Құрылысерекшеліктері мен биологиялықәсерінеқарайбарлықцитокиндербірнешеөзіндіктоптарғабөлінеді: гемопоэтиндер, интерферондар, иммуноглобулиндердің супер топтықцитокиндері, ФНО-тобыцитокиндері, хемокиндер.

Цитокиндерөзара 5 топқабөлінеді.

1-ші топ – Гемопоэтикалықцитокиндер.

2-ші топ – Иммундыққадейінгіқабынудыңцитокиндері:

3-ші топ – Лимфоцитарлыиммундыжауаптыңұйымдастырушылары

4-ші топ – Иммунды қабынудың медиаторлары

5-ші топ – Қабынуғақарсыцитокиндер

2-ші топ – Иммундыққадейінгіқабынудыңцитокиндері:

а) біріншілік про-қабынуцитокиндер – ИЛ-1, ТНФ-α, ИЛ-6. Макрофагтарменжәнедендриттіклеткаларменбөлінеді. ИЛ-1-ші мен ТНФ-α жергіліктіәсеретеді, ал ИЛ-6 жетілік фаза белоктардыңсинтезінбауырдастимулдейді.

Б) екіншілікқабынуцитокиндер – оллейкоциттер мен лимфоциттердіңлокоматорлыжылжуынқамтамасызетеді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 12; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.51.35 (0.012 с.)