Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Антигендердің жіктемесін жазыңыз.

Поиск

Антигендердің екі негізгі түрлері бар: экзогендік және эндогендік (аутологиялық). Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі.

Эндогендік антигендер деп әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты қалыптастыратын, өзіндік аутологиялық молекулалар (аутоантигендер) немесе олардың күрделі кешендері танылады.Т-тәуелсіз және Т-тәуелді антигендер

Антигендердің мұндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты жүреді.

Тимус-тәуелсіз антигендер (Т-тәуелсіз) - Т-лимфоциттің және макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоциттерде оздігінен антиденелердің түзілуін шақыратын антигендер.

Берілген антигендік детерминантқа арнайы В-лимфоцитгер антигенге тәуелді дифференциялануға түсу үшін (лимфобластқа айналып және сол антигендергс антидене түзетін плазмалық жасушалар клонына бастама беру) екі белгіні алу қажет: I - арнайы. II- пролиферативтік-дифференциялушы. Т-тәуелсіз антигендердің өздері В-лимфоциттерді екі белгімен қамтамасыз етеді. Бірінші - арнайы белгіні В-лимфоциттер иммуноглобулиндік антигеңді танушы рецепторлар көмегімен антигеннің гаптендік бөлігінен алады. Екінші - пролиферативтік - дифференңиялаушы белгіні В-лимфоциттср тасымалдаушылардан алады. Екінші белгінің берілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушының құрылымы келесі талаптарға сай келуі керек:

• жоғары молекулалық салмақ;

• молекуланың қатаң  сызықты  құрылымы;

•молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек).

Т-тәуелді антигендер (Т-тәуелді) - В-лимфоциттердің антидене түзілісіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуын қажет ететін антигендер. Бұл антигенге қарсы сертліс генетикалық негізгі гистосәйкестік кешенімен кадағаланады.Бұл кезде бірінші арнайы белгіні - В-лимфоциттер гаптеннен ішіды Екінші белгі В-лимфоциттерге Т-хелперлерден түседі.

Антигендердің жіктелуі:

1) табиғи антигендер - белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо- және экзотоксиндер, тін, қан клеткаларының антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады.

2) жасанды антигендер - төменгі молекулалар қосындыларынан синтезделген.

3) гаптендер - жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады.

4) химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.

5) ертінді антигендерге токсиндер, ферменттер жатады.

6) генетикалық жағдайына байланысты антигендер;

- аутоантигендер, организмнің өзгерген өз клеткаларынан шыққан антигендер; өзгерген өз клеткалары антиген болып, аутоиммундық патологиялық процесс дамытып, аутоантиденелер туғызады;

- изоантигендер - АВО қан топтарын құрады;

- аллоантигендер - бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы;

- ксеноантигендер (гетероантиген) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.195.136 (0.01 с.)