Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жасушалық иммунитет теориясына сипаттама беріңіз (авторы).

Поиск

9) Жасушалық иммунитет теориясына сипаттама беріңіз (авторы).

Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т- лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйесінің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т- тәуелді аймақтар), Т-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, супрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді. Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісіне белсене қатысады, осы үрдістіңарқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады. 

10) Гуморалдық иммунитет теориясына сипаттама беріңіз (авторы).

Гуморалды иммунитет жүйесі- антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым қатынасуына байланысты болады.

Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасаушалары антидене синтезіне жауапты В-лимфоциттері болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық комплексі түзілуіне байланысты. Иммундық комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және немесе жойылады. Бұл негізгі үш тәсілге байланысты: (нейтрализация), комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз.

11)Клон-сұрыптау теориясына сипаттама беріңіз(авторы)

Клондық-сұрыптау теориясы бойынша ағзада антигенмен жанасқанға дейін әртүрлі арнайылықтағы лимфоциттердің үлкен жиынтығы болады.Белгілі бір антигендік ерекшелігі бар лимфоциттер клондар түзеді.Антиген тек талдау факторы ретінде болады және антигеннің жалғыз ғана қызметі – лимфоциттер клондарының бөлінуін және қызметін күшейту.Сәйкес антигенді таныған арнайы лимфоциттер клондары көбейеді және дифференцияланады (пісіп-жетіледі), бұл сәйкес арнайыиммуноглобулиндердің өндірілуін туғызады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.187.119 (0.009 с.)