Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Лейкоциттік формуланы анықтау тәсілін түсіндіріңіз.

Поиск

3Лейкоциттік формуланы анықтау тәсілін түсіндіріңіз.

Қан көлемінің бірлігіндегі лейкоциттердің жеке түрлерінің абсолюттік құрамын мына формула бойынша анықтауға болады А (%) ∙ лейкоциттердің жалпы мөлшері (109/л)

----------------------------------------------------------

100 %,

мұндағы А – лейкоциттердің белгілі бір түрінің мөлшері, %.

Мысалы, лейкоциттердің жалпы мөлшерінің төмендеуі кезінде (2,0∙109/л) лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің көбеюі (лейкоцитарлық формуланы есептеу кезінде 60%) салыстырмалы лимфоцитозды білдіреді, себебі осы жасушалардың абсолюттік саны қалыпты тербеліске сәйкес (1,2∙109/л) болып табылады. Лейкоциттердің әр түрлерінің пайыздық қатынасы лейкоцитарлык формула деп аталынады. Абсолюттік санды шығару үшін 1л қандағы лейкоциттердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.

Мысалы: 1л қандағы лейкоциттердің саны 6·109, сегменттік жасұнақтық нейтрофилдер – 55%. 1л қандағы абсолюттік санды келесі тепе-теңдігімен есептейді:

 

6·109 - 100%

55·6·109

χ = -------------------- = 3,3·109

χ 55% 100

 

 

1л қанда қалыпты жағдайда абсолюттік нейтрофилдердің саны 2,01·109 - 5,8·109; эозинофилдердін -0-0,3·109; базофилдердің 0 - 0,06·109; лимфоциттердің -1,2·109 – 3·109; моноциттердің 0,09·109 – 0,6·109.

4 Қалыпты лейкоциттік формула көрсеткіштерін жазыңыз.

Қалыпты жағдайда ересек адамның лейкоциттік формуласының көрсеткіштері:

 

Таяқша тәрізді нейтрофилдер

1-6%

Сегмент тәрізді нейтрофилдер

45-70%

Эозинофилдер

0-5

Базофилдер

0-1%

Лимфоциттер

18-40

Моноциттер

2-9%

 

Лейкоциттік формуласы бойынша тек әр түрлі лейкоциттердің салыстырмалы көрсеткіштері ғана анықталынады (пайызды маңыздылығы). 1л қандағы лейкоциттердің белгілі бір түрлерінің саны абсолюттік сан деп аталады.

Абсолюттік санды шығару үшін 1л қандағы лейкоциттердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.220.163.144 (0.005 с.)