Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мононуклеарлық фагоциттер жүйесін тізбектеңіз.

Поиск

20-балл

1)Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік Иммунология (иммунитет және грек.logos – ілім) – организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы.Иммунология организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді.

Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммунологияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.Зерттеу нысанына қарай:

жалпы (тәжірибелік) Иммунология,медициналық Иммунология,ветеринариялық Иммунология,инфекциялық Иммунология,клиникалық Иммунология,радиациялық Иммунология,онкологиялық Иммунология,ғарыштық Иммунологияаллергология, иммундық патология, иммундық гематология, эмбриогенез Иммунология,өсімдіктер Иммунологиясы сияқты салаларға бөлінеді.

Иммунологияның мақсаты: қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммунологиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру. Иммунологияда микробиол., серологиялық, аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол., иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік, т. б. әдістер қолданылады,

2 ) Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйенің құрылысы.

Иммунды жүйе — барлық лимфоидтыорганизмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі,лимфа безі, айыршық безі (тимус),кұстардық фабрицнев қапшығы,көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлілимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтарменқосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.Иммундық жүйенің қызметі:
организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;басқа қызметтер атқарады.
Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.
Иммундық жүйенің қасиеттері:
жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.
Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.
Иммундық жүйе мүшелері:
орталық иммундық жүйе мүшелері:тимус (айырша без), сүйек кемігі;перифериялық иммундық жүйе мүшелері:көкбауыр,лимфа түйіндері,әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.

имуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.

Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.
Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.
Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.
Иммундық жүйенің жасушалары:
лимфоциттер,фагоциттер,базофилдер,бағана жасушалар,тромбоциттер,басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.
Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары

3)Сүйек кемігінің иммундық жауаптағы маңызы.Сүтқоректілер мен адамдарда екі орталық мүшесі болады:сүйек кемігі жане тимус.Сүйек кемігінде В-лимфоциттердің клондары түзіледі,сондықтан сүйек кемігі гуморалдық иммунитет жүйесінің орталық мүшесі болып саналады.Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық мүшелердің қызметтерін біріктіретін мүше,ол көп қабілетті бағыналы жасушалардың,яғни барлық қан жасушаларының көзі болып табылады.Көп қабілетті бағаналы жасушалардан пайда болатын жасушалар:эритроидтық,одан эритроциттер түзіледі,миелоидтық,одан нейтрофильдер,моноциттер,бащофилдер түзіледі;мегакариоцитарлық-тромбоциттер;лимфоидтық -екі жасушалық сызық:Т -лимфоциттің және В-лимфоциттің ізашарлары пайда болады.Сүтқоректілерде сүйек кемігі В-лимфоциттердің негізгі түзілу ортасы болып табылады.

4)Тимустың имундық жауаптағы манызы.Тимус (айырша без) деп, тимиан өсімдігінің жапырағына және айыршаға ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгі лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық иммунитеттің дамуы жүреді.Тимус тек қана Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуіне мамандандырылған. Бұл мүшенің морфологиялық құрылысының ерекшелігі: әр аймақта лимфоциттердің әр түрлі жағдайдағы микроайналым болады.Нәтижесінде бұл жасушалар әртүрлі жасуша аралық және гуморалдық әсер алады,яғни:
Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуі, негізінде Т-лимфоциттер клонының түзілуіне әкелетін антигентанушы рецепторлардың пайда болуы, әрбір Т-лимфоциттер клоны тек бір нақты антигенге ғана арналған;Қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуі;
Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы, олар негізгі гистосәкестік комплексінің өнімдері өзіндік МНС-антигендермен бірге бөтентекті пептидтерді анықтайды.
Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1-3 жас аралығында тимус біршама көлем мен белсенділікке жетеді (гормондар түзілуі, тимциттердің дифференциялануы мен пролиферациясына көмектесу), кейін ол тұрақтанады.20жастан бастап біртіндеп үдемелі инволюциясы (салмағының азаюы) жылына белсенді тіннің 3%-на дейін жойылуымен жүреді. Атрофияға көбіне тимустың қырсықтық қабаты ұшырайды. Ал мидың заты жартылай атрофияға ұшыраса да, біраз бөлігі сақталады.Адамда тимустың жасқа байланысты инволюциясы кезінде иммундық тапшылық жағдай қалыптасады, бұл кезде иммундық жүйеге тимус гормондарының преараттары қолайлы әсер етеді.Жалпы тимустың жастық инволюциясы иммундық жүйенің ескеруіне, ал ол аралық бүкіл ағзаның біршама дәрежеде қартаюын анықтайды деп есептеледі.
Сонымен, тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады

5)Шеткі иммундық мүшелер,олардың қызметтері.

Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады.Иммундық жүенің шеткі мүшелер жүйесінің ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр:әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр) немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін).
Шеткі мүшелерде антигендермен жанасу арқылы лимфоциттердің соңғы пісіп-жетілуі-антигенге тәелді дифференциялануы жүреді,нәтижесінде сәкес антигендерге иммундық жауап шақыратын, пісіп-жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер түзіледі.Сонымен бірге, шеткі мүшелерде көптеген антигендерге иммундық жауаптың маңызды кезеңі болып табылады. Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың кооперациясы жүреді.Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетін плазмалық жасушаларға дифференцияланады.
Осылайша, шеткі мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің әсерін жүзеге асырады, ол кезде лимфоциттердің антигендермен байланысты іске асырылады және иммундық жауап дамиды.

6)Имундық жүйенің мүшелік,жасушалық және молекулалық құрылысы.Мүшелік деңгей.Сүтқоректілер мен адамдарда екі орталық мүшесі болады:сүйек кемігі жане тимус.Сүйек кемігінде В-лимфоциттердің клондары түзіледі,сондықтан сүйек кемігі гуморалдық иммунитет жүйесінің орталық мүшесі болып саналады.Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық мүшелердің қызметтерін біріктіретін мүше,ол көп қабілетті бағыналы жасушалардың,яғни барлық қан жасушаларының көзі болып табылады.Ал тимус тек қана Т-лимфоциттердің пісіп жетілуіне мамандандырылған.
Жасушалық деңгей
Иммундық жүйенің жасушалары антигенді тануы бойынша, шығу тегі мен функционалдық ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінуі мүмкін.
Бірінші топ – лимфоциттер (әртүрлі даму сатысындағы Т,В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар және нөлдік лимфоциттер, оларға табиғи киллнрлер –NK жасушалары мен К-жасушщалары жатады).
Екінші топ – антигенді таныстырушы жасушалар (макрофагтар, дендриттік жасушалар, В-лимфоциттер).Бөгде антигендерген бұл жасушаларсыз иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкн емес.
Бұдан басқа,т иммунды хабарлы жасушалардың пісіп-жетілуінде және олардың қызметінің реттелуінде маңызды рөлді микроайналым жасушалары – құрылымдық жасушалар (эпителий жасушалары мен коллаген және эластин талшықтарын түзетін фибробласттар)атқарады.
Лимфоциттер адам ағзасында кеңінен тараған жасушалар тобына жатады. Ересек адамның ағзасында 10 лимфоциттер бар, яғни дененің әрбір 10-шы жасушасы – лимфоцит.
Молекулалық деңгей
Келесі макромолекулалық топтарды құрайды.Имуноглобулиндер,медиаторлар,гистосәйкестік гендері,саралау кластерлері,адгезия молекулалары.

 

Мононуклеарлы фагоциттер жүйесінешығу тегі, морфологиясы және қызметтері бойынша біріктірілген шеткері қан моноцитгері және әртүрлі локализициядағы макрофаттар кіреді.

АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.

Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.

АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10 дейін МНС молекулалары болады. Бір Т-лимфоциттің белсенуі үшін,и антигенмен кешен құрған осындай 200-300 молекуласы жеткілікті.

Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.

Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады.

Дендритті жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидты-моноцитарлық қатарынан түзіледі.Цитоплазмадағы қабатты қосындылар – Бирбек түйіршіктері жасушалардың морфологиялық маркерлері болып табылады.

Дендритті жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда белсенді және олар иммундық үрдістерді іске қосуда маңызды рөл атқарады.Дендритті жасушалапмен антигенді жаулап алу, көбінесе лимфоидтық мүшелерден тыс жүреді.Антигенді өңдегеннен кейін, олар шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді.Бұл кезде дендритті жасушалардың фагоцитозды қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.187.119 (0.01 с.)