Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Фагоцитоз,анықтамасы,қызметтері Фагоцитоздаушы жасушалар

Поиск

Дененің келесі күшті бейспецификалық қорғаныс факторы фагоцитоз – фагоциттік жасушалардың антигенмен және өзгерген жасушалармен әсерлесуі, оның нәтижесінде олар фагоцит бетіне жабысып (адгезия – adhesio — жабысу), бөгде жасушаларды жұтып, қорытады.+ Фагоциттік жасушаларға гранулоциттер және полиморфты ядролық лейкоциттер (ПМЯЛ), қандағы моноциттер, ұлпа макрофагтары, мононуклеарлық фагоциттер жүйесі (ретикулярлық және эндотелиалдық ұлпа) жатады. Бауырда фагоциттік қызметті Купфер жасушалары, өкпеде – альвеолярлық макрофагтар, мида – микроглиялар атқарады; қан тамырларының эндотелиалды жасушалары тек қана белгілі жағдайларда фагоциттік қабілетке ие болады. ПМЯЛ (полиморфты ядролы лейкоциттер)– қандағы негізгі фагоцитоздаушы, қысқа уақыт өмір сүретін жасуша, көбінесе фагоцитоз процесінде жойылады. Моноцит – сүйек кемігінде түзіліп, ұлпаларда макрофагқа дейін жетіледі. Макрофаг — ұзақ өмір сүретін жасуша, фагоцитоз процесіне бірнеше рет қатыса алады; жасушалар ұлпаларда еркін немесе қан тамырларының қабырғасына жабысып тұрады; бөгде агенттерді және олармен байланыс-қан антиденелер немесе комплементті таниды. Макрофагтар 40-тан аса биологиялық белсенді заттар өндіреді. Макрофагтағы ферменттік элемент-тердің (жетілген макрофагта миелопероксидаза болмайды) белсенділігі (сандық және сапалық) ПМЯЛ-ға қарағанда төмен. Спецификалық имму нологиялық реакцияларды түзуге (фагоцитоз, антигендерді басқа иммундық жүйенің жасушаларына таныстыру) белсенді қатысу функционалдық қызметтерінің арқасында макрофагтар Т және В-лимфоциттеріне, иммундық ќабілетті жасушаларға да жатады.

Фагоцитоз процесі схема түрінде мына тізбекте жүреді: хемотаксис (лат. хемо – химиялық, таксис — әрекет) – ПМЯЛ жасушалардың немесе басқа фагоциттердің медиаторлардың әсерімен антигенге қарай жылжуы; пиноцитоз – жасушалардың ерітілген заттарды жұтуы (диаметрі 1 мкм-ден жоғары емес) немесе антигенді макрофагтың және басқа фагоциттік жасушалардың спецификалық немесе бейспецификалық рецепторлар арқылы тануы; антигеннің фагоциттік жасушалардың бетіне жабысуы (адгезия), фагоцит псевдоподиясының түзілуі; антигенді қорғау, фагосома – вакуолдің түзілуі; фагоцитте глюкоза метаболизмінің белсенуі, фагосома мен лизосоманың қосылуымен фаголизосома – вакуолдің түзілуі; оттегі қажеттілігінің жоғарылауымен еркін радикалдардың түзілуі («тыныс «жарылысы» немесе оттегі тәуелді гидролиз); бактерицидті жасушалардың оттегі тәуелді емес механизмінің белсенуі; антиген мембранасының зақымдануы; антигеннің толық гидролизі, жасушалардан метаболиттердің бөлінуі немесе толық гидролизденбеген антигеннің фагоцит (макрофаг) мембранасында таныстырылды



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.65.1 (0.006 с.)