Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Эстераза ферменті С2 компонентті белсендіреді

Поиск

С4б (магний иондарының қатысуымен) С2 компонентін екі фрагментке ыдыратады – С2а және С2b

С2а компоненті С4b компонентіне бірігіп, комплементтің 3-ші компонентінің конвертазасы ферментін түзеді

С3-конвертаза (С4b2а) С3 компонентін С3а және С3b фрагменттеріне ыдыратады.

С3а ерігіш күйде болады, ал С3b комплементтің классикалық та, альтернативті де жолмен белсенуінің негізі болап есептеледі

Инактиватор (С3b-инактиватор немесе фактор I) С3 компонентінің шамадан тыс белсенуін тежейді

Белсендірілген С3b компоненті С4b2а комплексімен байланысып, комплементтің 5 компонентінің конвертазасы ферментіне айналады

Комплемент жүйесінің терминалды (соңғы) С5-С9 компоненттерінің (мембранаға шабуыл жасаушы (МШК) жинақталуы басталады

С5-конвертазы (С4b2а3b) әсерімен С5 компоненті С5а (майда фрагмент) және С5b (ірі фрагмент) фрагменттеріне ыдырайды

С5а ерігіш күйде, ал С5b мембранаға шабуыл жасаушы комплекстің алғашқы компоненті болып табылады және С6 және С7 компоненттеріне рецепторлары болады

С6 компоненттен бастап комплемент жүйесінің ақуыздары ары қарай ыдырамайды

С5b67 комплексі нысана-жасушаның мембранасына бекітіледі

Мембранаға бекітілген С5b67 белсенді комплекске С8 қосылады

С5b678 комплексіне С9 компонентінің қосылуы нысана-жасуша қабырғасының цитолизін күшейтеді

С5b6789 комплексі жасуша мембранасының липидті ақуызында ұзындығы шамамен 15 мм және диаметрі 8-12 мм цилиндрлік тесіктерді пайда етеді, бұл электролиттер мен судың бұзылған мембрана арқылы жасуша ішіне енуіне ықпал етіп, жасушаның осмостық лизистенуіне алып келеді



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.1.22 (0.01 с.)