йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы             26.02.16 ж 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы             26.02.16 ж

Поиск

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы             26.02.16 ж

Тобы : «Ақбота»

Білім беру саласы:«Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы:«Үй жануарлары»

 Мақсаты:Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Ойларын еркін жеткізе білуге баулу. Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер : Үй жануарларының суреттері.

Сөздік жұмыс: Қымыз, шұбат, айран, құрт.    

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне жылы лебіз-тілектерін айтады.

-Айда сен әдемісің;

-Сұлтан ақылды бол.

Ұйымдастыру-іздестіру

Сұрақ жауап арқылы балалардан жануарлар жайлы білетіндері сұралады.

-Қанадай жануарларды білесіңдер? Неліктен жануарлар әр түрлі дыбыстар шығарады?

Олар немен қоректенеді?

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша сөз, сөйлем құрастыру, әңгімелеу. 

«Ұйқасын тап» ойыны. 

 Дәптерде берілген үлгі бойынша аттың суретін салып, аяқтайды.

 Тыныштық сәтін өткізу.

Жұмбақ шешу:

Мінсең желдей жүйткиді,

Көңілің таудай өседі.

Алып ұшар алысқа

«Ер қанаты» деседі. (Жылқы)

Сергіту сәтін өткізу.

 «Үй жануарлары» дидактикалық ойыны. Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.

Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

 

 

Балалар жануарлардың пайдасы мен қасиеті жайлы әңгімелейді.

 

 

Жұмбақтың жауабын табады.

 

Сергіту сәтін орындайды

 

Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін баяндайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтар: 

-Үй құстарын ата. 

-Үй құстарының қандай пайдасы бар? 

-Үй жануарларын қалай күтіп-баптайды?

Балалар не түсінгендерін әңгімелейді.Сұраққа  жауап береді.

Қорытынды нәтиже:

Біледі:Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттерін біледі.

Игереді: Төрт түлік мал, төлдері, қымыз, шұбат.

Меңгереді: Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

 Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.

Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.255.103 (0.01 с.)