йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 13.11.15 ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 13.11.15 ж
Тобы: «Ақбота»
Білім беру саласы:« Қатынас»
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Елордасы- Астана»
Мақсаты:Республикамыздың қалай аталатынын қазіргі орталығы қаласы туралы мағлұмат беру. Астананың көрікті жерлерін атау өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Сөздік қорын молайту. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.
Көрнекіліктер: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Әдіс- тәсілдер:Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: Елорда, Бәйтерек, барыс, көпқабатты үйлер.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс –әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
лық- қозғаушы
лық
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Жылы сәлемдесу сөздерін айтқызады.
Сұрақ – жауап.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикаының елордасы қай қала?
- Балалар дөңгелене амандасады.
Сұрақтарға жауап береді.
-ҚР.
-Елордамыз –Астана қаласы.
Ұйымдастыру-іздестіру
Тәрбиеші балаларға Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышым – Астанам.
Өлең не туралы айтылған? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?Балаларға астана туралы мәлімет береді. Елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетапсадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.
- Ақорда – Қазақстан Республикасының резеденциясы.
- Бәйтерек – Астананың басты белгісі.
- Тәуелсіздік сарайы – мемелекеттік ресми іс-шараларды, кездесулерді өткізетін орын.
- Парламент үйі – Өкімет үйі.
- Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.
Астана болашақта Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болатынын түсіндіреді.
Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырп, сөйлем құрату. Дидактикалық ойын. «Ойлан, тап»
Ойын барысы: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру. Балалар өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.
«Астана» өлеңінін мағынасын түсініп тындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Елорданың көрікті жерлері жайлы мәлімет алады.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
Ойынды ойлана қызыға ойнайды.
Астана туралы өлеңдерін айтып береді.
|