Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы             13.05.16 ж

Поиск

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы             13.05.16 ж

Тобы :«Ақбота»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:  «Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі»

 Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. Ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтып үйрету.Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс- тәсілдер:Көрсету, әңгімелеу, сұрақ –жауап.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберге тұрады:

 Таза бала мұнтаздай,                 

 Сүйсінеді қараған.                 

 Ұқыпты деп бұл қандай,               

Жақсы көрер бар адам                

Ұқыпты осындай,                           

Болайықшы, досым-ай.

Шаттық шеңбер жасайды.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға тарату. Әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.

-Бүгін ойыншықтар мерекесі. Қонаққа бізге мейірімді (Фея) Перизат келді. Мейірімді (Фея) Перизат балаларға сұрақ қояды.

-Өздерінің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

-Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?

Сергіту сәтін жүргізу:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміз,

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шансорғышпен сорамыз.

 Біздің қолда он саусақ ,

Барлық іске жарамды.

 «Жақсы мен жаман » ойыны:  Балалар шеңберге отырып, допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне жақсы немесе жаман сөздер айтады.

Жаман-ойыншықты жинамау.

 Жақсы- ойыншықты жинау

Мақал- мәтел:  Біз-әдепті ,сыпайы баламыз.

                         Ұқыпты бала-үлгілі бала.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

Ойынға қатысады.

 

Мақалды жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар ойыншықтар неден жасалады?

-Олармен сендер не істейсіндер?

-Ойыншықтарды сындыруға бола ма?

Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ойыншықтардың түрлерін айыра білу керек.

Игереді:  Ұқыптылық туралы   түсінік алады.

Меңгереді: Ойнайтын ойыншықтарын қалай ұстауды, жинауды.

Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.

Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.4.50 (0.008 с.)