Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Рефлексивті-түзетушілік. йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                22.01.16 ж. Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті. Мо

Поиск

Рефлексивті-түзетушілік

-Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Олар қандай жолмен жүреді?

-Сендерге қандай көлік түрі ұнады?

Балалар сұраққа

жауап береді.

Күтілетін нәтиже:.

Біледі:Көлік түрлерін айыра білу керек.

Игереді:  Көлік туралы түсінікті игерді.

Меңгереді:Көшедегі көліктер жөнінде меңгерді.

Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.           Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                22.01.16 ж

Тобы : «Ақбота»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегі

Мақсаты:  Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнынтүсіндіру.

Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай танымды, түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.                                                                            Көрнекілігі: Жеті қазына бейнеленген сурет.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру.                                                                                                                             

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жасұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Шаттық шеңбер жасайды.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Жеті санын неліктен қасиетті екенін мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. Балалардың пікірлері, жауаптары тыңдалады. Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.

Тәрбиеші «Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқиды. Дәптердегі ертегі мазмұны бойынша салынған сурет арқылы мазмұнын түсіндіреді. Сөздік жұмысын жүргізеді. Мадақтау - біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру.

Аластау - біреуді ығыстыру, қуып тастау.

Жағымпаздана - жағыну, жарамсақтану, жалбақтау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінін, мазмұнын ашу.

-Аң патшасы - Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?

-Аңдар қалай жауап берді?

-Арыстан неге ашуланды?

-Иттің жауабын кім айтады?

-«Дүниеде қайратты әрі ақылды да тек - адамзат» деп жауап берді Ит.

Жеті қазына туралы мағлұмат беру.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

Жүйрік ат - қанаты. Құмай тазысы - абыройын асырар сенімді серігі. Қыран бүркіт - қуаты. Берен мылтық - қаһарлы оты. Қақпан- серті. Майланғыш ау - әдіс-айласы.

Өткір кездік - сұсы. Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды. Оларға төмендегі ұғымдарды жатқызады:

-Адамның ақылы, ой-санасы.     

-Денсаулық. Ақ жаулық (ана)

-Бала. Көңіл. Жер. Ит.

Ертегіні тыңдайды.

Иттің жауабын мадақтайды.

 

 

Сұраққа жауап береді.

-Дүниеде ең қайратты,ең ақылды,ең әділ,епті кім?-деп сұрақ қояды.

 

 

Аңдар,арыстан-ға жағымпаздық жасап: дүниеде, сен күшті,сен ақылдысың ,-дейді.

-Бөлек жатқан итке.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.19.29 (0.008 с.)