Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                         18.09.15 ж

Поиск

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                         18.09.15 ж

Тобы : «Ақбота»

Білім беру саласы:«Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бау-бақшада» ертегісі

Мақсаты: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Күзгі еңбек түрімен таныстырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер:Сұрақ –жауап, әңгімелер.

Көрнекіліктер : Жеміс жидектердің суреттері.

Сөздік жұмыс: Фланелеграф, мульяжі.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңберге тұрады.

Қайырымды жандар айнала,                                                                  Шеңберге келсін жайлана.                                                                                                                  Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айта-мыз.Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді.Бақыттымыз осы біз, Қасымызда досымыз!

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші бір ыдысқа көкөністердің, бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келеді. -Ыдыстағы заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады?

-Көкөністерге не жатады?

-Көкөністер қайда өседі?

-Жемістерге не жатады?

-Олар қайда өседі?      

-Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те айтамыз. Бау-бақша- жеміс-жидек, көкөніс егіл-ген жер. Бау-бақша әр үйдің айналасында болады.Осы жерде орамжапырақ және қызанақ сөздеріне де сөздік жұмысы жүргізіледі.

Орамжапырақ-бақшада өсетін көкөніс түрі.Қызанақ-қызыл түсті көкөніс.

Суретпен жұмыс.Дәптерге екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау-бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Жұмбақтар шешу.

Көк ала лағымЖатқан қызыл түлкіні,

Көгалда жатып семірді. Құйрығынан суырып,

Жаздай інге тығылып,Әкелді әжем бір күні.

-Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма?

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

-Тағы қандай жемістерді білесіңдер?



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.94.180 (0.006 с.)