йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 15.01.16 ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 15.01.16 ж
Тобы : «Ақбота»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Көшедегі көліктер»
Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі көліктер бейнеленген суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жасұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Ұйымдастыру-іздестіру
«Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» деген сұраққа сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады. Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмысын жүргізу. Жедел жәрдем қолма-қол берілетін көмек.
Өрт сөндіргіш - өрт сөндіруге арналған техника.
Су сепкіш - су тебуге арналған техника.
Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөздері қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
«Төртінші артық» дидактикалық ойыны.
Апайы көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атайды. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейд : Камаз, Тайота, Жигули, Мерседес.
Камаз артық. Өйткені ол - жүк тиейтін машина. Жигули, Тайота және Мерседес - жеңіл көліктер. Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем, т.б.
Балалардан «Сут тасығыш машина деп аталу себебі, өйткені сүт тасиды. Үш сөзден құралған» деген жауап алу қажет.
Сергіту сәтін өткізу.
Музыка әуенімен машинаның тұтқышын айналдырып билеу. «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Апайы сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырып айтады. Мысалы: Егер жермен жүрсе - бұл... (жер) көлігі. Олар: жеңіл машина, автобус, троллейбус. Егер сумен жүрсе - ... (су) көлігі. Олар: қайьқ, кеме, теплоход.
«Суретті жина» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктердің суреттері салынған парақ бірнеше бөлікке бөлініп, екі хатқалтаның ішінде болады. Әр топ балалары қағаз қиық-тарын біріктіріп, көлік түрін құрастырады да, сол көлікке байланысты жұмбақ ойластырады. Жұмбақты келесі топтың балалары шешеді.
Көліктердің түрімен танысады.
Ойындарға қатысады.
Сергіту сәтін жасайды.
Жұмбақ ойынға қатысады.
Түсінбеген жерлерін апайынан сұрайды.
|