йымдастыру-іздестіру. Рефлексивті-түзетушілік
Ұйымдастыру-іздестіру
Балаларға жабайы аң- қолға үйренбеген түз жануары, өз беттерімен табиғатта тіршілік ететіндіктері жайлы түсіндіреді. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдар тіршілігі де салыстырылады.
Төрт түлік мал – үй жануарлары. Арыстан, қасқыр, қоян жабайы аңдар.
-Қасқыр, түлкі, қоян аңдардың балаларын қалай деп атайды?
Қасқырдың баласы – бөлтірік, қоянның баласы – көжек, түлкінің баласы – мыршай. Аюдың баласы-қонжық, жолбарыстың баласы – шөнжік, арыстанның баласы – абдан.
Тәрбиеші балаларға «Тапқыр қоян» ертегісін оқып береді. Сөздік жұмысын жүргізу. Миығынан күлу – езу тарту, мұртынан күлу. Дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы балалардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.
Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру. Тәрбиеші жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.
Қолыңмен тиме, 2. Паналайды үңгірді, Үсті толған ине. (Кірпі Іздемейді тасаны. (Аю
3.Қорықпайды күшті аңнан, Бұлаңдаған құйрығы-
Қорқады тек тышқаннан. (Тышқан) Бір алдарлық қулығы(Түлкі)
Сергіту жаттығуын өткізу.
Тәрбиеші балаларға дәптердегі тапсырманы орындатады. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсетуді өтінеді.
«Бұл қай аң?» дидактикалық ойыны.
Шарты: Суреттен көрген аңдардың суреттері көрсетіліп, олардың қандай, қайда өмір сүретіні сұралады.
Жақсы қатысып отырған балаларды мақтап мадақтау.
Үй жануарлары мен жабайы аңдарды салыстырады.
Жабайы аңдардың балалары қалай аталатынын естерінде сақтайды.
Ертегіні тыңдайды.
Сұрақ -жауап арқылы ертегі мазмұнын қалай түсінгендерін айтады.
Сергіту сәтін қимылмен көресете айтады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Мына суреттерде не көріп отырсыңдар?
-Ертегіні кім әңгімелеп береді?
-қасқыр,түлкі, аю.
-орманда сүреді.
Ертегіні әңгімелеп айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге тиіс.
Игереді:Жабайы аңдарға нелер жатады.
Меңгереді:«Тапқыр қоян» ертегісін.
Тәрбиеші: Каппасова Н.Б. Тексерілді: Ташмаганбетова Г.Б.
|