йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 01.04.16 ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 01.04.16 ж
Тобы: «Ақбота»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Біз мекепке барамыз»
Мақсаты: Мектеп туралы түсініктерін кеңейту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Мектеп суреттері.
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Қимылдар жасайды.
Ұйымдастыру –
іздестіру
Мектеп туралы әңгіме өткізу. «Мектеп» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту.
1. Дәптердегі сөздер бойынша әңгіме өткізу.
Тал егіп жатқан балалар.
Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.
Гүл егіп жатқан қыздар.
Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.
2.Сөздік жұмыс.
Мектеп- балалардың білім алатын ордасы.
3. Дидактикалық ойын: «Сен білесің бе?»
Шарты: Қоржын ішінен мектепке байланысты салынған маөалдардың мағынасын ашу.
4. Жаңылтпашты жатқа айту.
Айша жазу жазды
Қайша сызу сызды
Қайша жазу жаза алама?
Айша сызу сыза алама?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өлеңнің мағынасын түсіндіреді.
Жаңылтпашты жатқа айтады.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетінінің барысында мектеп туралы жаттаған өлең тақпақтарын қайталау.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мектеп ұғымын біледі.
Игереді: Мектеп жайлы тақпақтарды игереді.
Меңгереді: Мектеп киелі екенін меңгерді
Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.
Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 08.04.16 ж
Тобы: «Ақбота»
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі : Тіл дамыту Тақырыбы: «Жаз» Мақсаты: Балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Табиғатқа деген
сүйіспеншіліктерін арттыру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, үйрету.
Көрнекіліктер: Суреттер, хрестоматия
Сөздік жұмыс: Жаз.
|