дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Тірек -қозғалыс аппараты бұзылған оқушылар шағын топта және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:
1) емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-4 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;
2) тіл дамуының кемшіліктерін дамыту бойынша сабақтарды ұқсас тіл бұзылыстары бар оқушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;
3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.
Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігі ойын формасында өткізген дұрыс.
Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.
Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсырмаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін.
Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.
5. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: − бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; − негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.
Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін: − ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия,
ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;
− сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы. Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген 1 жастан 4 жасқа дейінгі кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады.
|