дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

Орта мерзімді жоспар тақырыптан , оқу мақсатынан, оқыту нәтижесінен және мұғалімнің тізбектелген сабақтар топтамасын өтіп болғаннан кейінгі рефлексиясынан тұрады. Орта мерзімді жоспар немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау келесі жолмен жүзеге асырылады:

- жұмыс кезеңділігінің ретін анықтау;

- жаңа тәсілдердің жеті модулін сыныптағы сабақ беру практикасына

енгізу;

 

- тізбектелген сабақтар топтамасындағы әр сабақтың оқу мақсаттарын нақтылау (төрт сабақтан кем емес);

 

- нәтижені өлшеудің әдістері мен тәсілдерін анықтау;

- болжанған нәтижеге жету мақсатында оқытудың міндеттерін нақтылау;

- оқытудың барлық кезеңінде тұрақты оң динамиканы қамтамасыз ету;

- оқытумен барлық білім алушыларды түгел қамтамасыз ететін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;

 

Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша бір мезгілде біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырып және сабақты жүргізу үшін орта мерзімді жоспардың оқу мақсаттары толықтырылады және түзетіледі. Орта мерзімді жоспар бойынша екі сыныптың оқу модульдерін біріктіру кезінде сағат сандарының сәйкестігі салыстырылады және бекіту, қайталау, білім алушылардың білімдерін тексеру сабақтарының есебінен қайта қаралады. Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының тақырыбы пән бойынша оқу бағдарламасының бөліміне сәйкес келуі қажет. Бұл жағдайда тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлаудың мақсаты, біріктірілген сыныпта оқытудың барлық кезеңдерінде мақсатты оң өзгерістерді қамтамасыз ететін жүйелі-әрекеттік және оқу бағдарламасына сәйкес білім алушылардың жекелеген нәтижеге жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқу мақсаттары тізбектелген сабақтар топтамасын құруға бағдар болып табылады. Орта мерзімді жоспар мұғалімге мақсатты жұмыс жасауға және оқыту объектілерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұрынғы күнтізбелік-тақырыптық жоспардағыдай, әрбір келесі сабақ бөлек сабақ болып табылмайды, керісінше алдыңғысының жалғасы болып табылады. Белгілі бір бөлімді оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау тәсілі арқылы бағалап және нақтылай отырып, біртіндеп мұғалім өзінің болжау дағдыларын дамытады.

 

ШЖМ біріктірілген сыныптарының мұғалімдеріне сабақтың орта мерзімді жоспарын әзірлеу кестесінің тірек сұрақтарымен жасалған алғашқы нұсқасын пайдалану ұсынылады, жаңартылған білім мазмұнын енгізудің алғашқы кезеңінде бұл нұсқа мұғалімдерге көмек құралы ретінде өңделіп берілген.

 

67-кесте – Орта мерзімді жоспардың тірек сұрақтарымен берілген нұсқасы

 

 

Сабақтың

Сіз қандай

Оқытумен

Сіз бағалауды

Оқытуда

Қандай

 

тақырыбы

белсенді

барлық

қалай

қандай

ресурстард

 

және

жұмыс түрін

баланы

жүргізесіз

нәтижеге

ы

 


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.220 (0.01 с.)