Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар):

 

- жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын;

- өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін;

 

- киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны:

- дұрыс тамақтану негізін;

 

- дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды;

 

- тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

 

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

 

Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.

 

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттар орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.165.234 (0.006 с.)