Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

білім алушылар тек міндетті оқу пәндері аясында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру барысында да жаңа білімдерді меңгереді.

 

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің тәрбиелік мақсаты - заманауи өркениетте және ғылымда мақтануға тұрарлық еңбектер арқылы, әртүрлі елдердің ғалымдары ашқан ұлы жаңалықтарды, жұмыстарды, ғылыми көзқарастарды зерттеумен жүзеге асады.

 

Осындай жұмыстардың жүргізілу нәтижесінде білім алушының бойында дүние жүзі халықтарының дәстүрлері туралы жаңа білімі, қызығушылығы пайда болады, оларға деген құрмет сезімі қалыптасады, толеранттылық дамиды. Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы, заңдардың қалыптасуы, ғалымдардың ашқан жаңалықтары мен қорытындылары туралы сабақтардың тақырыптары мәдени білім беру ортасын қалыптастыру үшін үлкен әлеуеті бар.

 

«Жаратылыстану» оқу пәнібастауыш мектепте оқытылған«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-сыныптың оқушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың білім құмарлықтарының дамуына, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

 

5-сыныпта «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім алушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.

 

«Жаратылыстану» пәні:

 

1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру, жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеялар және жетістіктерімен таныстыруға;

 

2) білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қолдану және қабылдау біліктіліктерін меңгеруге;

 

3) интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамытуға;

 

4) күнделікті өмірде өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдануға бағытталған.

 

«Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.

 

Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес, білім


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.26.8 (0.007 с.)