Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ

 

Музыка

5-сыныпқа арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері


 


 

негізінде оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту

 

Пәнді оқытудың міндеттері:

- өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;

 

- музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;

 

- сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;

 

- музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту;

 

- музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту;

 

- музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру;

 

- музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу);

 

- ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.

 

«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

 

«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.

 

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

 

- Музыка тыңдау және талдау;

- Музыкалық сауаттылық;

- Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет.

 

2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

 

- Идеялар және материалдарды жинақтау;

- Музыка шығару және импровизация.

3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:

 

- Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау.

Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі іс-әрекетер арқылы (оқушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.28.97 (0.008 с.)