дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Біріктірілген сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарда сабақты ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін құрылымдау үлгісі келесі кестеде көрсетілген:
70-кесте – Сабақты ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін құрылымдау үлгісі.
1. Біріктірілген бөлімБағдарлау-мотивациялық кезең Екі сыныппен қатар жүргізіледі
2. Сараланған бөлімОперациялық-орындаушылық кезең Әр сыныппен жеке жүргізілетін жұмыс
Білім алушының өзіндік жұмысы
Мұғалімнің нұсқаулығымен
орындалатын тапсырмалар
Мұғалімнің нұсқаулығымен
Білім алушының өзіндік жұмысы
орындалатын тапсырмалар
3. Біріктірілген бөлім
Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Екі сыныппен қатар жүргізіледі
Қазіргі кезеңде шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін «Қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалар бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру механизмі»әдістемелік ұсынымдары әзірленуде, бұл құрал 2017-2018 оқу жылы басталғанға дейін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылады (http://nao.kz/).
Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 160 ресурстық орталық құрылған, оған 488 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.
Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп білім алушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.
Сессия басталғанға дейін магнитті мектеп білім алушыларынан кіріспе сынама алынады, оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады. Шағын жинақты мектеп білім алушылары сессия кезінде оқу процесіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады. Сессияаралық кезеңдегі шағын жинақты мектеп білім алушыларының оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық)
|