дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

мұғалімдерінің қашықтан оқыту технологияларының көмегімен қолдауы арқылы жүргізіледі.

 

Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және практикалық жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлуге рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11-сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.

 

Тірек мектептерінде магниттік мектептердің оқу-тәрбие жоспарын ескере отырып келесі жұмыс жоспарлары әзірленеді және жүзеге асырылады:

 

- оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспары;

- бірыңғай оқу жұмыс жоспарлары;

 

- бірыңғай күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар;

- бірыңғай әдістемелік жұмыс жоспары;

- сессия аралық кезеңнің жұмыс жоспары;

- күндізгі сессияларды жүргізу жоспарлары;

- қашықтан оқыту сессияларын жүргізу жоспарлары;

- жобалау, зерттеу, кәсіби бағдар бағытындағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары;

 

- сабақтардың өтілу күнімен қатаң сәйкестікте жүргізілетін жеке-дара

оқыту.

Оқу-тәрбие жұмысы тірек мектептері мен магниттік мектептердің тығыз байланысын талап етеді, бұл үшін педагогикалық ұжымның жұмысын ұйымдастырудағы міндеттері көрсетіліп, мектептердің әкімшілік корпустарынан Кеңейтілген Педагогикалық кеңес (бұдан әрі - КПК) құрылады, ол оқу процесін, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастыруды, сессия және сессияаралық кезеңдердегі кәсіби бағдарлау іс-шараларын қоса алғанда, тірек

 

мектебі мен магниттік мектептердің стратегиялық бағдарын орындауға бағытталған. КПК жұмысының маңызды бағыты – сессия және сессияаралық кезеңдердегі тірек мектебі мен магниттік мектептердің жұмыстарына мониторинг жүргізу және бақылау, білім алушыларының сессия кезеңіндегі сапалы білім алуына және сессияаралық кезеңнің тапсырмаларын орындатудағы ШЖМ педагогтерінің жауапкершілігін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу.

 

Магнитті мектеп білім алушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, шағын жинақты мектеп білім алушыларының оқу қиындықтар аймағын жою бойынша дербестігін белсендету мақсатында түзету жұмыстары жүргізіледі. Жеке оқыту маршрутын жүзеге асыру бойынша қорытынды сессияда білім алушының негізгі пәндер мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады.

 

Магнитті мектептердің білім алушыларының тірек мектебінде оқыту деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.137 (0.01 с.)