Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

компонентінің курстары өткізілмейді.

Поиск

Назар аударыңыз!

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті толығымен түзету пәндері бойынша жүргізілетін сабақтарға бөлінеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған элективтік курстар, мектеп

 

компонентінің курстары өткізілмейді.


 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Инклюзивті және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер Жеке бағдарламаларына сәйкес іске асырады.

 

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтер (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.

Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.

 

Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар , тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.148.105.127 (0.008 с.)