дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.

 

Пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Қазақ тілі (Т1), Әдебиеттік оқу, «Математика », «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының негіздері ), ««Қазақ тілі (Т2)», «Русский язык (Я2)», «Ағылшын тілі» (тілдерді деңгейлеп оқыту), «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін оқыту жалғастырылады.

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) жаңа пәні енгізіледі.

Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері

 

Тілдік оқу пәндері. Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту.

 

3-сыныпта тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады.

 

Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыру қажет:

 

• Жанды табиғат

• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (Жарық пен қараңғы)

• Уақыт

• Сәулет өнері

• Өнер

• Атақты тұлғалар

• Су – тіршілік көзі

• Демалыс мәдениеті. Мерекелер

 

Коммуникативтік тәсіл 3-сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған, яғни жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамыту, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалану, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыру, қоғам өміріне белсенді қатысу. Базалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (басқа да баспалардың пайдалануға ұсынылған оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, хрестоматиялары және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер осы мақсатта пайдаланылады.

 

3-сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған осы тәсілді күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (Шет тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі) сәйкес жүзеге асырылады;

 

«Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; білім алушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.58.141 (0.007 с.)