дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

«Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды.
3-сыныпта «Жаратылыстану» оқу пәні аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту оқу мақсаттарын іске асыруда әрекеттік тәсілді көздейді. Мысалы, «Деректерді алу және ұсыну» дағдысын дамыту мақсаттары бойынша 3-сыныптың білім алушысы қарапайым экспериментті жоспарлауы және жүргізуі тиіс.
3-сынып білім алушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының негіздерін іздеу-зерттеу әрекетінің барысында дамыту қажет.
Бақылау және экскурсия сияқты оқыту түрлерін белсенді қолдана отырып, білім алушылардың әлемді сенсорлық қабылдауын дамыту және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға болады.
Сондай-ақ, 3-сыныпта білім алушылардың алған білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіну үшін қолдану, ғылымды адам өмірінің сапасын жақсарту құралы ретінде ұғыну, күнделікті өмірде білімді өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдану маңызды.
Мұғалім қарапайым зерттеулерді жүргізу барысында білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, ғылыми ақпаратты қабылдай және интерпретациялай білуін дамытуға назар аударуы керек.
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 3-сыныпта Қазақстан тұрғындары өмірінің әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамыта түседі.
«Дүниетану» оқу пәні аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат оқытылады.
3-сыныпта тарихты білу және түсіну Қазақстанның тарихи және қазіргі заманғы оқиғалары, олардың себептері, динамикасы, сабақтастығы туралы білімді меңгеруі арқылы, білім алушылардың әртүрлі дерек көздерімен жұмыс істеу, гипотезалар ұсыну, қорытындылар жасау біліктері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.
Географияны білу және түсіну білім алушылардың қоршаған ортаны танудың ғылыми негіздерін меңгеруі арқылы, олардың бастапқы картографиялық дағдыларының дамуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Қоғам туралы білім алу және қоғамның даму заңдары туралы түсінік қалыптастыру, ең алдымен, білім алушылардың әлеуметтік ортада қауіпсіздік ережелерін және жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсінуі екенін мұғалімнің ескеруі өте маңызды.
3-сынып білім алушыларының жұптық, топтық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару маңызды.
«Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын дамытуға; оқу және практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажет пәндік біліктер
|