дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
мен дағдылар қалыптастыруға; математикалық білімдер негізін меңгертуге; күнделікті өмірде математикалық білімді пайдалану білігін дамытуға бағытталған.
3-сыныпта «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына
5 сағатты, оқу жылында 170 сағатты құрайды.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің бастауыштан кейінгі деңгейлерінде де оқыту жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
1. Сандар мен шамалар.
2. Алгебра элементтері.
3. Геометрия элементтері.
4. Жиындар. Логика элементтері.
5. Математикалық модельдеу.
3-сыныпта математиканы оқыту курсы бойында білімдері мен дағдыларын жүйелі дамыту және тереңдету қамтамасыз етіледі, яғни сабақтастық және тереңдету принципі сақталады.
Пәннің оқу бағдарламасына «Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер (бүкіл математика курсы бойында білім алушылардың білімінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін, бұл тақырыптар бастауыш мектептің 2013 жылғы оқу бағдарламасында қарастырылмайды) енгізілді.
Мысалы, оқу бағдарламасы «Комбинаторика» бөлімшесі бойынша білім алушылардың мынадай білімдері мен дағдыларын дамытуды қарастырады:
• қоршаған ортадағы заттардан «екі - екіден» комбинациялар жиынын құрастыру;
• қоршаған ортадағы заттардан «үш-үштен» комбинациялар жиынын құрастыру;
• «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану;
• «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару.
Жаңа оқу бағдарламасында «Геометрия элементтері» бөлімшесі кеңінен қарастырылған, бұл негізгі орта және жоғары мектепте геометрияны табысты меңгерудің негізі болып табылады.
«Математика» пәнінен оқу бағдарламасының оқу мақсаттары білім алушылардың мыналарды білуіне бағытталған:
• шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) ажырату және атау; симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;
• геометриялық фигураларды жіктеу;
• тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= (a.b):2, S=a2, S=a.b шығарып алу және қолдану;
• суретте кескінделген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың периметрін анықтау;
• берілген ауданы бойынша жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру;
|