дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі.
Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.
Оқу жоспарына түзету курстары қосылған: «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7-сыныптар), «Айналамен таныстыру» (0-2-сыныптар) . Түзету циклінің сабақтары күннің екінші жартысында топпен, шағын топпен жүргізіледі. Түзету циклінінің жеке сабақтары (сағат көлемінің ауқымды болуына байланысты) күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында басқа сабақтардан (серуендеу, тәрбие сағаты) ала отырып жүргізіле алады.
Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.
3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;
− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.
Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоқұрылғыларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.
Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, пән мұғалімдерімен іске асырылатын әр оқу пәнінің аясында жылдық оқыту бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.
|