дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма , өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);
5) «Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тағамдарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамдардың жасау жолдарын көркемдеп ресімдейді);
6) «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгіме фото суреттерді, бейнежазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, басылымдарды, отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және үйде сақталған қызықты тарихы бар ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);
7) «Біз – Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және басқалары.
Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр.Экскурсиялық
қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Оқушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жыл сайын жаяу, шаңғылы, су, велосипед жорықтары, сан түрлі бағдарлар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн.
«Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және басқа тақырыптарда, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін оқушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.
Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ерекше назар бағытталуы керек.
Сынып жетекшілеріне , қосымша білім педагогтерінежасөлкетанушылар, экологтер мен табиғат танушылар арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен сабақтар топтамасын өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараны өткізудің формалары алуантүрлі («Жасыл планета», «ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің көзқарасым» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», « Туған өлкенің биотүрлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және басқа номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары).
Мұндай ісшаралар балаларды жастайынан өзекті мәселелер туралы білім алуларын ғана емес, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.
|