дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

Жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшері (яғни , 1 оқушыны оқыту құны ) бір оқу жылына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген орта білімді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде есептеледі.

 

1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне және жүзеге асырылу орнына байланысты өзгеріп отырады.

 

«Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік тапсырыс аясында пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін қолдау және мониторингілеу қызметтерін көрсетеді.

 

2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектепте жүзеге асырылуда. 2015 жылға дейін сынақтан өткізу 1-11 сыныптарда өткізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің шешімі бойынша жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 өңіріндегі 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана одан әрі жалғастырылды.

 

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Үкіметі білім беру процесінің шығындар құрылымын, формуласын, сондай-ақ білім беру ортасын нормалауды қайта қарауды ескеріп республиканың 5 өңіріндегі пилоттық 63 мектептің 1-11 сыныптарында сынақтан өткізуді жалғастыру туралы шешім қабылдады.

 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР БҒМ-ның шешімі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге Астана қаласынан 5 және Алматы қаласынан 5 мектепптен қосымша енгізілді.

 

Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізудің 4 жылдағы қорытындыларын талдау мынаны көрсетті.

 

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші санатты педагогикалық қызметкерлерінің үлесі 2013 -2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).

 

Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда

 

416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.

Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шаралар, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.

 

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492-ге жетті. Бұл 2013-


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.238.6 (0.01 с.)