дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
ынталандыратын жалпы білімнің құрамдас бөліктерінің вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Жалпы орта және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелерді - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі.
Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді.
Мектептегі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі сабақ оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пәндік үйірмелер мен секциялар маңызды орын алады. Бұл бір жағынан – пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.
Қосымша білім беру тұлғаның нақты жас кезеңі жағдайындағы ерекшеліктеріне байланысты білім берудің әр деңгейі үшін өзінің мазмұнды модулін ұсына алады:
мектепке дейінгі білім деңгейінде–мектеп алды даярлық;
бастауыш білім деңгейінде–білім алушылардың көзқарастарынмеңгеруге көмек: түрлі оқу қауымдастықтарына қосу;
негізгі орта білім деңгейінде–тұлғаның өзін-өзі анықтау процесінқолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;
жалпы орта білім деңгейінде–білім алушылардың өзін өзі кәсібианықтау процесін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлануды қамтамасыз ету.
Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі ерекшеліктері:
1) білім беру құндылықтарын жағымды қабылдау және оның мазмұнын тиімді меңгеру үшін кең жалпы мәдени және эмоциялық-боямды орта құру;
2) «жалықтырмайтын» тәрбиені іске асыру - балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында, осы процесте өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасуы өтеді;
3) балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін білім алушылардың бағдарлануы;
4) білім алушылардың жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға
|