Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

еңбекке дайындау құралдарымен дамыту, қоғамдағы бітірушілерді ары қарай кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

 

Дайындық сыныбына сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:

− бірінші саты – дайындық деңгейі (0, 1-4-сыныптар);

− екінші саты – 5-9-сыныптар.

Сәйкес материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық шарттар болған жағдайда білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке даярлау 10-өндірістік сыныпта ұйымдастырылады.

 

Бірінші сатыда ақыл-ойы кем оқушыны жан-жақты психологиялық-медициналық-педагогикалық зерделеу, оның мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.

 

Екінші сатыда балалар тәжірибелік бағытқа ие және еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімдеу мен кәсіби-еңбекке даярлауға назар аударылады.

 

Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалау болмайды. Оқушылардың білім алудағы алға басу нәтижесі олардың өнімді қызметіне талдау жасау сөйлеу тілінің, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған ұсақ-түйектерінің даму деңгейі негізінде анықталады.

 

Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке ықпалды қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған ықпал негізінде ақыл-ойы кем оқушыларды (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыру жатыр. Осыған байланысты І-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін баллдық бағалау критериалдық болып табылады және жеке мониторинг негізінде іске асырылады. ІІ-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз болатын критериалдық сипаттап бағалау қолданылады (Ақыл-ойы кем балаларды критериалдық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz) қарауға болады).

 

5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.

 

Түзету технологиясы циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедиялық сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және шағын топпен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Шағын топтар сөйлеу тілі мен психофизикалық бұзылыстарының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топ дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.25.125 (0.01 с.)