Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі , сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл-ойы кем білім алушыларды оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.

Арнайы мектептің (сыныптардың ) педагогтері сынып құрамын есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.

 

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағаты оқушылардың ерекше білім беруге қажеттілігіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).

 

Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге зерделенетін пәндер тізімін анықтайды, сыныптар бойынша олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде оқытудың Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сағаттарды бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесс мектеп штатындағы мамандардың (арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) психологиялық-педагогикалық қолдауымен іске асырылатын баланы зерделеудің психологиялық -медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.

 

Мамандардың өзара іс-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.

 

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген сағаттар аясында психологиялық -педагогикалық қолдау мамандары өткізетін топтық, шағын топтық және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті ). Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады . Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.

 

Арнайы мектептердегі жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.148.130 (0.006 с.)