Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.

 

Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

 

Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.


 

 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етіледі.

 

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (2002 жылғы 11 шілдедегі №343) мүмкіндігі шектеулі балалар үш жастан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, арнайы және жалпы білім беру ұйымдары жағдайында бастауыш және негізгі орта білімді жеті-он жастан бастап алатыны анықталған.

 

Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер жалпы білім беретін мектепте денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін балалар үшін қалыпты және арнайы сыныптардың ашылуы қарастырылған.

 

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты (бұдан әрі - инклюзивті) және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) берілген.

 

Үлгілік қағидалардың 19 тармағына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қажеттілігін, ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып , білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады.

 

Инклюзивті және арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда келесілерге назар аударған жөн:

 

- әрбір инклюзивті сыныпта екі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар баладан артық оқытылмауы тиіс (Үлгілік қағидалардың 19 т.);

 

- арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша ашылады және сыныптағы білім алушылардың саны бұзылыс түріне байланысты болады. Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 3-тармағын және

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (9-қосымша, 2-кесте) басшылыққа алу ұсынылады;

 

- жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.63.176 (0.008 с.)