дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

- діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
- өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.
Оқыту барысында мұғалім оқушыда экстремистік, террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс.

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Үлгілік қағида) басшылыққа алынады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық)
қызметі Үлгілік қағидаларға және өзінің жарғысымен үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес, шағын жинақталған мектепте:
жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;
- сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;
- сыныпты 3-10 адам аралығындағы және одан артық адамға толықтыруға рұқсат етіледі;
- үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын ұйымдастырудың сырғымалы кестесі қолданылады;
- бірінші және бітіруші сынып білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.
- түрлі жастардағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 2-ші және 3-сыныптарды; 3-ші және 4-сыныптарды, немесе 2-ші және 4- сыныптарды; 5-ші және 6-сыныптарды, 6-шы және 7-сыныптарды; 7-ші және 8-сыныптарды біріктіруге рұқсат етіледі.
Шағын жинақты мектептегі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру дамытушы педагогикалық орта құруды талап етеді, оның негізінде әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара өнімді іс-қимылдарын және өз білімін жетілдіру идеясын жүзеге асыруға болады. Шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:
- білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;
- бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;
- біріктірілген сыныптар үшін өзгермелі сабақ кестесін құрастыру;
|