дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Қазіргі заманауи физика қарқынды дамып келе жатқан ғылым, оның жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларында әсер етеді. Бағдарламаның мазмұны физика эксперименттік ғылым болып табылатына, оның заңдары фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіне негізделеді.
Физика - нақты ғылым және құбылыстардың заңдылықтары сандармен зерттеледі, сондықтан басты назар физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндірудің математикалық аппарататын қолдануына аударылады.
7-сыныптың физика курсына кіріспе «атом», «зат», «материя» және «физикалық термин», «физикалық шама», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» сияқты негізгі ұғымдарды оқытады , одан әрі оқу материалын оқыту кезінде қазіргі ғылымның заманау деңгейі мен қоршаған ортамен байланыстың үзілмеуіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың алған білімі қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын және оны дамытуға ықпал ететін болады және қоршаған орта туралы шындықты дұрыс талдауына көмектеседі.
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие. Оқушылар оқу процесінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері тиіс. Ерекше басымдылық ғылыми мәселелерді әлеуметтік және тұлғалық маңызды міндеттер мәнмәтінінде қарастыра алатын ақпараттанған және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге аударылуы тиіс.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның ерекшелігі келешек мамандығында жетістіктің маңызды критерий болып табылатын білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру, өйткені проблеманы зерттеу, идеяларды сынақтан өткізу, жақсартудың жолдарын ұсыну қандай да болмасын проблеманы шешу үшін әмбебап операциялар болып табылады
Алған білімдерін практикада қолдану үшін оқушылар технология, коммуникация, медицина, ауыл шаруашылығы, түрлі өнеркәсіп және энергетика сияқты, адам қызметінің әртүрлі салаларындағы физиканың жетістіктері мен рөлін түсінуі қажет.
Физика пәні сабақтарында оқушылар тәжірибелер өткізіп қоймайды, мәліметтерді жинақтайды, жазып алады және талдайды; градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастырады, соның ішінде Корнфильд әдісін пайдалана отырып ақаулықтарды табады, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтайды және оны жақсарту жолдарын ұсынады. Осының арқасында , әрбір оқушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытындыны жасай алады . Мысалы, сұйықтықтың кинематика саласындағы зертханалық жұмыстар кешенін орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие «Мұнай-газ ісі», «Жылуэнергетика», «Сумен қамтамасыз ету» мамандықтарын сәтті игеруіне дайындай алады.
«Орындалуға міндетті тәжірибелік және зертханалық жұмыстар тізілімі» оқушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
|