дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
5, 7-сыныптардың тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген бағдарламаның тақырыптық мазмұнын толығымен жалғастырады. Сонымен қатар , келесі тақырыптар оқытылады:
5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
7- сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters.
Бағдарламаның міндетті компоненті ретінде ұсынылатын IndependentProject бөлімі («Жобалық жұмыс»), зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін (оқушылардың қызығушылығын тудыратын) ReadingforPleasure бөлімі, осының аясында оқушылар көркем шығармаларды және ғылыми-публицистикалық әдебиеттерді оқиды; әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен танысады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі::
5, 7 - сыныптарда – аптасына 3 сағат, жылына –102 сағат.
Ұсынылады:
1.Білім алушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Independent project», юнитына назар аудару қажет. Жобалау жұмысы арқылы түрлі мақсаттар мен сөйлеу әрекетіне мұғалім фокус бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізеді. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны және (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет формалары, күтілетін нәтижесі, әрекетті бағалау формалары және т.б.) мектеп ішінде әдістемелік бірлестіктерде әріптестермен талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдыларын дамыту аясы бойынша әдістемелік нұсқауларды қолдану. Ағылшын тіліне оқытудың көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау міндетті элементі болып табылады және оқушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.
Заманауи коммуникативтік әдіс-тәсілдер арқылы ағылшын тілін оқу оқушыларға бірі-бірімен қарым-қатынас, жақсы коммуникатор болу арқылы интерактивті дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстандық компонентті бағдарламаға қосу оның барлық деңгейіндегі тақырыптар мазмұнының ажырамас бөлігі болып табылады. Білім саласында осы пән үшін оқу мақсаттар жүйесі және іс-әрекет нәтижесі бар оқу бағдарламасы өзара байланысқан құндылықтар арқылы білім мен тәрбиенің бірізділігін қамтамасыз етеді
Шет тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс тек шет тілі туралы білімдерін арттырып қоймай оқушының мәдениеттану ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін тереңдетуге мүмкіндік береді, эстетикалық талғамын, өзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын тудырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды. Шет тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері :
• тақырыптық ойын кештері;
• елтануға арналған кіріспе үйірмелері;
|