дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

- қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);

 

- оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын тексеруге арналған бақылау жұмыстар (2-сыныптың І жартыжылдығының соңында)

 

2-сыныптың ІІ жартыжылдығынан бастап балаларға арналған кітаппен жұмыстар бойынша тапсырмалар оқырмандық біліктіліктерін және оқыған шығармалары жөніндегі ағымдық және қорытынды тексеруге жатады.

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы

 

Қателер:

 

- қате оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);

 

- мәтіннің бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғағы мен анықтығын бұзу;

 

- қойылған оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;

- мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды көрсете алмау;

 

- оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сөйлемді таба алмау;

 

- мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;

 

- жатқа айтуға дайындалған мәтінді толық білмеу;

- бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы.

Кемшіліктер:

 

- дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы;

 

- белгіленген уақыттан біршама артық уақытта оқылған мәтінді түсінуі;

 

- шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік; мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкер мінезін көрсетудегі мәнерлеудің жеткіліксіздігі.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу дағдысының қалыптасуының шамалық нормасы:

 

2-сыныптың І жартыжылдығының соңында минутына 40 және одан артық сөз оқуды; ІІ жартыжылдығының соңында 50 және одан артық сөз оқуды меңгеруі қажет. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны осы пәнге арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда көрсетілген.

 

58-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

 

Пән/Сынып

 

Жиынтық бағалау рәсімдері

 

 

І тоқсандағы

ІІ тоқсандағы

ІІІ тоқсандағы

ІV тоқсандағы

 

 

ЖБ саны

ЖБ саны

ЖБ саны

ЖБ саны

 

Әдебиеттік

2*

2*

2*

2*

 

 


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.165.190 (0.01 с.)