дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін
орын;
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
6) тактикалық алаң;
7) кедергілерден өту жолының кешені;
8) жабдықталған ату тирі;
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.
Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
- «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіріреді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және қорытынды тексеру сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
|