дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек. 10-сыныпта «Адам. Қоғам.Құқық» пәні бойынша адам мен қоғам

 

арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздері, мәдени құндылықтарды оқытуда білім алушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.

11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктері, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыттау ұсынылады. Этномәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру мақсатты нұсқау болып табылады.

 

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:

 

10-11-сыныптарда тарих пәндерін оқыту, білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек . Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар.

 

Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.

 

Пәндерді оқытуда кіріктіре оқыту әдісін қолданған дұрыс, мысалы, халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері , мәдениет және тағы басқа тақырыптарын кіріктіруге болады. Кіріктірілген байланыс жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін арттырады.

 

10-11-сыныптарда тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

 

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.

 

Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 12; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.129.73.198 (0.01 с.)