Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЖӘК-ті қалай пайдалану керек?

Поиск

ЖӘК-ті қалай пайдалану керек?

Пайдаланушыға порталға кіру үшін алдымен тіркелу қажет. Бұл үшін:

1. Порталдың басты бетіндегі «Тіркелу» батырмасын басу қажет. Сонда тиісті деректерді енгізуді қажет ететін тіркеу нысаны ашылады. Жүйе енгізілген жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) дұрыстығын алдын ала


 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

тексереді. Егер ЖСН дұрыс болса, тіркеу нысанының мына жолдары белсендендіріледі: «Тегі», «Есім», «Аймақ», «Ұйым/Мектеп», «Е-mail» (қолданыстағы электрондық поштаны енгізу керек ), «Құпия сөз» (құпия сөз кем дегенде алты таңбадан тұруы керек), «Құпия сөзді қайталаңыз». Тіркеу нысанын толтырып, «Тіркеу» батырмасын басқаннан кейін порталға кіруге болады.

 

2. Тіркелуден өткеннен кейін есеп жазбаны (аккаунтты) белсендендіру қажет. Бұл үшін тіркелу кезінде көрсеткен электрондық поштаға кіру керек. Жүйеден бірнеше секунд ішінде осы поштаға хабарлама келіп түседі. Хабарламаның ішінде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, есеп жазбаны белсендердіруге болады.

ЖӘК-тен нені табуға болады?

ЖӘК көруге/жүктеуге арналған қолжетімді файлдар орналастырылған төмендегі бөлімдерді қамтиды:

 

1. «Жұмыста қолдануға арналған құжаттар» бөлімінде Үлгілік оқу бағдарламалары, Үлгілік оқу жоспарлары, ҚР МЖМБС, орта мерзімді жоспарлар, қысқа мерзімді жоспарлар орналастырылған.

 

2. «Сабақ бойынша жоспарлау» бөлімінде пәндер және сыныптар бойынша оқу жоспарына сәйкес құрылымдалған сабақ жоспарлары, таныстырылым, аудио/бейне материалдар орналастырылған.

 

3. «ОӘК» бөлімінде бастауыш мектептің пәндеріне сәйкес оқулықтар мен жұмыс дәптерлері, мұғалімге арналған нұсқаулықтар мен оқу құралдарының электрондық нұсқалары, оқу мақсаттарына жету бойынша шеберлік сабақтары орналастырылған.

 

4. «Критериалды бағалау» бөлімінде критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтар, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинақтары, бейне және таныстырылым ресурстары орналастырылған.

5. «Онлайн сабақтар мен семинарлар» бөлімінде қалыптастырушы бағалау бойынша онлайн семинарлар, онлайн сабақтар орналастырылған. Педагогикалық тәжірибе алмасу процесін жүзеге асыру мақсатында мұғалімдерге жаңартылған бағдарлама бойынша өздерінің материалдарын жариялауға мүмкіндік берілген. Материалды орналастыру үшін жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «Материалды қосу» батырмасын басу керек.

 

6. «Форум» жаңартылған білім мазмұнының өзекті бағыттары бойынша (ұйымдастырушылық мәселелер, оқулықтардың мазмұны, білім алушыларды бағалау және т.б.) сұрақтарды орналастырып, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлерінен кеңес алуға мүмкіндік береді.

Әзірленген және «Жүйелі-әдістемелік кешені» порталында орналастырылған ресурстар пайдалану үшін ұсынылған, бірақ оларды мұғалімнің өзі әзірлеуге құқылы (қысқа мерзімді жоспарлар, тапсырмалар, пайдаланылатын ресурстар және т. б.).


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.1.38 (0.006 с.)