дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
«Энергия », «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Жоғары сыныптардағы география, биология , химия, физика сабақтарында пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы: кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.
Мысалы , «География» оқу пәнінің «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану» және «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімдерін өткенде зілзалалар жағдайында және қауіп-қатер ахуалында қауіпсіздікті сақтау, күтпеген жағдайды болжау және осы жағдайларда өзін ұстау ережелерін талқылауға болады , білім алушылардың қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылады.
Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).
Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).
Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «геоэкономикалық жағдай», «тұрақты даму», «даму стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «ғылымды қажет ететін технологиялар», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.
Халықаралық маманданырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу үшін маңызды болып саналады.
Білім алушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға
|