дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

- біліктілік санатын жоғарлататын немесе растайтын мұғалімдермен

 

жұмыс;

- әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі;

 

- бірлестік мұғалімдерінің рейтингі;

- мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында);

 

- оқушылар білімдерінің қорытынды аттестаттауы бойынша есеп. Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілу керек және

 

әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табуы қажет. Жыл соңында толық жан-жақты есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).

 

 

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

 

Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» пәндері екі бағыт бойынша (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық гуманитарлық бағыт) оқытылады.

 

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.

 

Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамды жалпы мәдени дамуға бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі заманауи өмірде еркін бағдар алуына қажетті адамның іс-әрекеттеріне байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде , негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.155.48 (0.01 с.)