дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
ұғымдар, құбылыстардың өзгеру заңдылықтары туралы көзқарас, табиғат заңдарын қолдану тәсілдері оны зерттеуден туындаған болатын.
Қазіргі уақытта ғылыми-жаратылыстану білімі белсенді әрекеттердің өрісі болып табылады және оларға негізделген заманауи технологиялар адам өмірінің жаңа бейнесін қалыптастырады. «Жаратылыстану» білім саласы үшін заманауи жаратылыстанудың негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерін, олардың басты бағыттары және әлемнің жалпы бейнесіндегі жалпы мәдени жағдайы зерделеу ұсынылады.
Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім саласы оқу пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар оқушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы, Жер адам өмір сүретін планета ретінде , әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарас қалыптастырады.
Оқу пәндерінің мазмұны білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білім берудің тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын және оқушылардың әлеуметтенуін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
– білім алушылардың тірі жүйелерге қатысты ғылыми танымдық әдісін, маңызды классикалық және заманауи жетістіктерді меңгеруі;
- білім алушылар адамның қызметі және табиғи себептердің ықпалының нәтижесінде олардың өзгерістері мен жүйелердің құрылымы, жұмыс істеуі, дамуы туралы білімді меңгеруі
- пәнді бейінді оқыту негізінде білім алушылардың болашақ мамандығын өз бетімен таңдауға дайындау;
- білім алушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болып табылады.
«Жаратылыстану» білім саласының құрамына: география, физика, химия және биология пәндері кіреді.
Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқытудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
Оқушылардың:
– жаратылыстану ғылымының процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау біліктілігін;
– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;
– ғылыми әдістердің көмегімен шешілуі мүмкін сұрақтар мен мәселелерді анықтау біліктілігін дамытуға бағытталуы қажет.
|