Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

(негізгі ой, тақырып, тақырыпшалар, шағын тақырып және т.б.), және әрине, түсіну процесі (рефлексивтік ақпарат), яғни оқу барысындағы түсіну рәсімі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін дамытуға аналитикалық, интерпретациялық және сыни оқу өнерін меңгеру көмектеседі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін меңгеру әр уақытта кітап бойынша өнімді оқуға мүмкіндік береді.

 

Стратегияны меңгеру барысында білім алушылардың тілдік қана емес, коммуникативтік құзыреттілігі де топта және жұпта іске асады.

 

№ 1 стратегия. Бағытталған оқу.

Мақсаты: оқу мәтінін мақсатты түрде оқу біліктілігін қалыптастыру.

Проблемалық сұрақтар қою, топта талдауға қатысу.

1. Өзектілігі.

«Ассоциативті бірлестік» тәсілі: мұғалім тақтаға түйінді сөзді немесе мәтін тақырыбын жазады, білім алушылар бірінен кейін бірі өздерінің ассоциацияларын айтады, мұғалім тақтаға жазып отырады. Бұл тәсілді қолдану білімді өзектендіреді, келесі іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырады әрі жұмыс жасауға ынталана түседі.

2. Білім алушылар шағын көлемді мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды да белгіленген жерде тоқтайды.

 

3. Мұғалім оқылған мәтін бойынша проблемалық сұрақ қояды.

 

4. Бірнеше оқушының жауаптарын сыныпта талдайды.

5. Білім алушылар оқиғаның одан әрі қарай қалай өрбитінін болжайды.

№2стратегия. Жұппен оқу – жұпта талдап қорыту.

Мақсаты: негізгі ойды табу, оқығанын тезис түрінде талдап қорыту,

проблемалық сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.

1. Білім алушылар мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды.

 

2.Мұғалім білім алушыларды жұпқа бөліп, нақты нұсқау береді. Әрбір білім алушы екі рөлді орындайды: баяндамашы – бір тезис түрінде мазмұнын қорытындылайды және оқиды ; респондент – баяндамашыны тыңдайды және нақты екі сұрақ қояды . Одан әрі рөлдермен алмасады.

 

3.Мұғалім талдауға барлық оқушыларды тартады.

3.стратегия Оқимыз және сұраймыз.

 

Мақсаты : баспа ақпараттарымен өз бетінше жұмыс жасау, сұрақты тұжырымдау, жұпта жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру.

 

1. Білім алушылар ұсынылған, мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды.

 

2. Білім алушылар жұптасып оқылған мәтіннен қандай негізгі ойды алуға болатынын талдайды. (Мәтінде қандай сөз жиі кездесті? Неше рет? Қандай сөз қалың шрифтпен белгіленген? Неге? Егер сіз мәтінді дауыстап оқысаңыз , осы сөйлемнің басты сөйлем екенін қалай түсіндірер едіңіз? Фразаны дауыс арқылы бөліп көрсету туралы. Бұл жерде жаттап оқу бар).

3. Білім алушылардың бірі кілт сөзді пайдаланып сұрақты тұжырымдайды, екіншісі оған жауап береді.

 

4.Кілт сөзді, сұрақтар мен жауапты сыныпта талдау. Түзету жұмыстары.


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.188.152 (0.008 с.)