Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

мүмкіндік береді.

 

Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған білімдерін мақсатты және жүйелі түрде пайдалану дағдысын қалыптастыруда оқытудың кіріктірілген тәсілін қолдану тиімді. Ол үшін оқу процесін ұйымдастыру кезінде сабақтарды әртүрлі пәндерден алынатын мәліметтер бірін-бірі толықтырып, тереңдететіндей түрде жоспарлау ұсынылады. Мысалы, Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіруге болады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері , мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.

 

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Мәңгілік Ел» идеясына сай болуы және Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеуге , қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы қажет.

 

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған жерлерге немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.

 

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

 

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

 

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;

 

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

 

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым

 

- қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

 

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

 

1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);

 

2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

 

3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

 

4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);

 

6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы»

105 жыл (1912-2017);

7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл(1992-2017);


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.98.91 (0.007 с.)