дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);

 

– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

– жеке зерттеушілік жобалар.

Практикалық және зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар эксперименттер жасау және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік -экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Білім алушылар себеп -салдар байланыстарын көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары , нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады.

 

Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-сыныпта – 11 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы; 9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы, 8 сағат зертханалық практикум жүргізіледі.

 

Биологияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-сыныпта – 16 зертханалық жұмыс, 1 практикалық жұмыс; 9-сыныпта 9 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс жүргізіледі.

 

Химияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-сыныпта – 7 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс; 9-сыныпта

 

10 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс жүргізіледі.

 

Виртуалды зертханалық жұмыстарды (компьютерлік моделдеу бойынша) мүмкіндікке байланысты , стандартты құралдар қолданылатын басқа практикалық жұмыстармен алмастыру ұсынылады.

 

Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Практикалық жұмыстар

 

– географияны оқыту процесінің ажырамас бөлігі, оларды орындау географиялық біліктілігін қалыптасуына ықпал етеді.

 

Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және нөмірлермен белгіленген. «География» оқу пәні бойынша бақылау жұмыстары қарастырылмаған.

 

Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім саласы пәндерінің курсын оқытқан кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 79; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.39 (0.01 с.)