дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты мағлұмат алулары тиіс. Білім алушылар Жердің, материктің, елдің , өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысын жақсы түсінулері тиіс.
Бұл ретте білім алушылардың кез келген күтпеген ахуалда және зілзалалардың қауіпті жағдайында қауіпсіздікті сақтау әрекетінің мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» білім алушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.
Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:
– табиғат кешендерінің экологиясы;
– мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;
– түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;
– мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;
– сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;
– топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;
– ортаның абиотикалық факторлары;
– урбандалған аумақтардың экологиясы;
– гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;
– қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау. Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-
әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексиканы қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану жұмысын жүйелі жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.
Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.
Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.
|