дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
![](https://pdnr.ru/infopediasu/baza32/2687268558039.files/image009.png)
– дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз;
– сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз;
– тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.
Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар, қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.
Пәнаралық байланыс – бұл түрлі оқу пәндерін сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік беретін әдіс:
1) түрлі ғылымдарды кіріктіру процесі ретінде, заманауи ғылыми білімнің ерекшеліктерін көрсету;
2) білім алушылардың сана-сезімінде қоршаған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудағы пәнаралық байланыстар келесі әдістемелік тәсілдер мен жолдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
– пәннің маңызды заңдылықтарын ашу үшін география, биология, химия, физика пәндерінен алған білімдеріне назар аудару;
– басқа оқу пәндерінен алынған білімді жүйелеу және қайта есіне түсіру үшін кешенді сипаттағы мәселелер қою;
– пәнаралық негіздегі арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығару;
– кестелер мен иллюстрациялармен жұмыс істеу;
– пәнаралық тақырыптарды зерделеу және пәнаралық жобалар орындау;
– мектеп курстарынан алынған білімді қамтуды талап ететін ғаламдық, аймақтық, жергілікті және табиғат нысандарының проблемаларына кешенді сипаттама құрастыру;
– мектеп оқушыларын туған өлкенің табиғатын қорғау мен зерттеудің түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру.
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін арттырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында
|