дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

«Музыка» пәні бойынша 6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.

 

Бейнелеу өнерiпәні тұлғаның эмоциялық-бейнелі,көркемдік ойлау түрінқалыптастыруға бағытталған рухани іс-әрекетінің шарты болып табылады.

 

Оқыту мақсаттары:

 

- эстетикалық сезімдерін, бейнелеу өнеріне қызығушылығын; адамгершілік сезімін қалыптастыру, өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын қалыптастыру; Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

 

- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

 

- өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;

 

- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

 

- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;

- оқушылардың көркем композиция жасау мен орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.

 

Оқыту міндеттері:

 

- қоршаған әлемге көзқарасын өзінің шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

 

- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

 

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

 

- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

 

- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқау және түсіне білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

 

- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейінді, есте сақтауды, қиялды, елестетуді дамыту;

 

- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;

 

- өзінің көлемді композицияларын жасату немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.

 

«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.32.252 (0.01 с.)