дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін ) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеру керек. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» оқу пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
Үй тапсырмасын орындау оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
- орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану;
- оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;
- үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру.
«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.
|